A place where you need to follow for what happening in world cup

Чемпиондар лигасының барлық финалистері белгілі болды

0 112

Футболдан чемпиондар лигасының топтық кезеңі аяқталды. Осылайша, еурокубоктың 1/8 финалдық кезеңіне тағы 8 команда жолдама алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

  • А тобы

Алты матчтың біреуінде ғана тең нәтиже көрсетіп, қалған ойындарда қарсыластарын айқын басымдықпен жеңген Франция чемпионы – ПСЖ 16 ұпаймен А тобында үздік атанды. Ол соңғы ойында Түркияның «Галатасарайын» 5:0 есебімен ойсырата ұтты. Бұл топта екінші орынды Испанияның «Реал Мадрид» командасы еншіледі. Соңғы матқта олар белгиялық «Брюггені» сырт алаңда 1:3 есебімен тізе бүктіріп, 11 ұпаймен турнирдің келесі кезеңіне өтті.

  • B тобы

Топтық кезеңде алты ойынның барлығында жеңіске жеткен Германия чемпионы – «Бавария» соңғы матчта англиялық «Тоттенхэмді» қабылдап, 3:1 есебімен ұтты. Айта кетейік, бұған дейін мюнхендік клуб сырт алаңда ағылшындарды 2:7 есебімен ойсырата жеңген болатын. Осылайша, чемпиондар лигасының осы маусымдағы топтық кезеңінде ең жоғары ұпай (18) жинаған немістер келесі кезеңге бірінші орынмен шықты. Ал англиялық «Тоттенхэм» 10 ұпаймен бұл топта екінші орынға жайғасты.

  • C тобы

С тобында бірінші орынның кімге бұйыратыны о бастан-ақ белгілі болғаны жасырын емес. Себебі, Англия чемпионы – «Манчестер Ситидің» (14 ұпай) топтағы қалған командалардан бір саты жоғары тұратыны анық. Ағылшындар соңғы матчта сырт алаңда Хорватияның «Динамо Загреб» командасын 1:4 есебімен тізе бүктірді. Сөйтіп, бірінші орынмен 1/8 финалдық кезеңге өтті. Ал бұл топтағы екінші орынды сенсациялық түрде Италияның «Аталантасы» (7 ұпай) еншілегенін айта кету керек. Себебі ол шешуші турға дейін топта соңғы орында қалып келген. Тек сырт алаңда жігерлік танытып, украиналық «Шахтерді» ұтуының (0:3), сондай-ақ «Динамо Загребтің» жеңілуінің арқасында екінші орынға шығып, финалдық кезеңге жолдама алып отыр.

  • D тобы

Бұл топта Италия чемпионы – «Ювентус» 16 ұпаймен көш бастап, финалдық кезеңге бірінші орынмен шықты. Соңғы турда ол сырт алаңда германиялық «Байермен» кездесіп, 0:2 есебімен басым түсті. Ал екінші орынды қанағат тұтқан испаниялық «Атлетико Мадрид» (10 ұпай) та соңғы топтық кездесуін 2:0 есебімен аяқтады. Олар өз алаңында Ресейдің «Локомотивін» қабылдаған болатын.

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.