A place where you need to follow for what happening in world cup

Дәрігерлер тұрғындар өтініші бойынша үйлерге арнайы баруда

0 127

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес елімізде 1 ақпаннан бастап тұрғындарға екпе салына бастады. Аты жаман індеттің екпінін қайтару мен ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін бұл шараның өте маңызды екенін денсаулық саласының халықаралық сарапшылары мәлімдеп отыр.
Ауданда екпе егу жұмыстары қандай деңгейде атқарылып жатқаны туралы аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Нұрмахан Мәуленовтен сұрап білген едік.
– Бастапқыдай емес, тұрғындардың вакцинаға деген көзқарасы өзгерген. Басымкөпшілігі ауруханаға өз еркімен келіп, ектіріп жатыр. Жалпы коронавирусқа қарсы екпе 21 күн аралықта екі кезең бойынша жүргізіледі. Яғни, бірінші доза антиденелердің аз мөлшерін енгізуге байланысты қысқа қорғаныс әсерін берсе, екіншісі біріншінің әсерін күшейтеді. Екпе егу 18 жастан бастап жүргізіледі. Ал, коронавирус инфекциясымен ауырған адамдар екпені 3 айдан кейін салдыруға болатынын ескерген жөн. Сондай-ақ, науқаспен байланыста болған азаматтар карантин мерзімі біткеннен кейін екпе салдырғаны дұрыс.
Ауданда отандық «QazVac», ресейлік «Спутник-V», «Hayat-Vax», «Verо Cell Sinopharm», «CoronaVac» вакциналары қолданылуда. Ол жүкті әйелдерге, ауыр дәрежелі аллергиясы бар адамдарға, вакцина құрамындағы заттарға сезімталдығы жоғары жандарға салынбайды.
Сондай-ақ жергілікті жұртшылыққа қолайлы болуы үшін елді мекендердегі аммбулаториялық, фельдшерлік, медициналық пунктерде екпе ектіруге жағдай жасалған. Ал кейбір ауыл азаматтарының өтініші бойынша дәрігерлер тұрғындардың үйіне арнайы барып салдыруда, – дейді Нұрмахан Досмұханұлы.
Бүгінде аудандық орталық емханада вакцина салу үшін 2 екпе егу бөлмесі мен 1 екпеден кейінгі бақылау бөлмесі арнайы жасақталған. Олардың барлығында профилактикалық екпе жұмыстарын жүргізудің стандарты бекітілген. Иммундау үшін медицина мамандары арнайы курстан өткен.
Бұл туралы аудандық орталық ауруханасы әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету-сауықтыру бөлімінің меңгерушісі Жадыра Тотаева:
– Емханаға келген екпе алушыларды дәрігерлер қабылдап, олардың денсаулық жағдайын тексереді. Эпидемиологиялық анамнезін жинақтап, вакцина қабылдауға ешқандай қарсы көрсетілімінің жоқтығына көз жеткізеді. Ең алдымен пациент ерікті түрде вакцина алатыны туралы ақпараттық келісімге қол қояды. Одан әрі екпе алу бөлмесіне жіберіледі. Онда дәрігер вакцинадан кейінгі күтім мен сақтық шарасы туралы айтып, вакцина еккеннен соң жеңіл немесе орташа дәрежеде жағымсыз әсерлердің үш күн ішінде болуы қалыпты жағдай екенін түсіндіреді. Екпе алып болған соң 30 минуттай медициналық бақылау аймағында дәрігердің қадағалауында болады. Бүгінде аудан көлемінде 35383 адам екпе қабылдаса, екінші компонент 32483 адамға салынды, – дейді дәрігер.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.