A place where you need to follow for what happening in world cup

Дәрінің де халалы мен харамы бар ма?

0 16

Ораза айы тақаған сайын жұртшылық әр нәрсеге халал мен харам тұрғысынан қарауға көшті. Бұған дейін «коронавирус індетіне қарсы вакцина оразаны бұза ма?» деген мәселе көтерілсе, енді тараздық тұрғындар дәрі құрамын қызу талқылауда.

Біздің сөз етіп отырғанымыз, ас қорытуға арналған «Мезим-форте» дәрісі. Бір білетініміз, «Мезим» Германия мемлекетінің өнімі. Сондай-ақ Ресей мемлекетінен де шығарылатын түрі бар. Әлеуметтік желі қолданушы Гүлбаршын Құланбаев осы «Мезим-форте» дәрісінің ішіндегі нұсқама қағазын жеке парақшасына салып, «Дәрінің де халалы мен харамы бар ма?» деген ой тастапты. Желі қолданушы мұндай байламға келтіргені дәрі нұсқамасындағы «Фармакодинамикасы» тармағында «Шошқадан алынған фермент» деген сөз болып отыр. Бұған тұрғындардың бірі үрке қараса, енді екіншілер кез-келген дәріде мұндай қоспаның бар екенін айтады. Егер олай болса, оразада шошқадан алынған ферменті бар «Мезим-фортені» ішсеңіз, оразаңыз былай тұрсын, иманыңыз бұзылмай ма?

Бұл сауалмен Жамбыл облыстық «һибатулла-Тарази» мешітінің бас имамы Бейбіт Мырзагелдиевке қайырылып едік, ол ондай дәріні біліп тұрып ішу күнә саналатындығын айтты.

– Негізі, бұл жерде әртүрлі пәтуа айтылады. Алайда біз дәрінің құрамында шошқадан алынған фермент болса, оны ішпеу қажеттігін айтып жүрміз. Егер адам баласы білместіктен ішіп қойса, ол кешіріледі. Ал басқа жағдайда күнә саналады. Біздің асыл дінімізде шошқа малы харам саналатындықтан онымен қатысты дүниені тұтынбаған жөн. Сондықтан дәрі ішерде жамағатты сақ болуға шақырамын, – дейді бас имам.

Саятхан САТЫЛҒАН,
Жамбыл облысы

 

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.