Дәріханаларда табылмаған дәрілер қоймада бар ма? Осыны білмекке Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл департаментінің басшысы Ә.Әшірбаев бастаған Жедел топ Тараз қаласындағы «МедСервис» дәрі қоймасын тексерді. Қоймада дәрі дәрмектердің түр түрі кездескенмен көпшілік сұранысқа ие дәрілерді таба алмадық. Мұнда халыққа керекті деген Парацетамолдың -6000 данасы, Гексаметезон-700, Аскорбин қышқылының 201 ғана ампуласы, НоллГрипп препараттары -450 орама болып аптасына бір рет қана қоймаға келіп түседі екен. Әрине дәрі тапшылығы осындай шектеулерден орын алып жатыр дейді фармацевтер. Ал, дәріге қажеттілік ел арасында 6-7 есе өскен.
Ал, «Садыхан» қоймасы қызметкерлері дәрі дәрмек әзірге жеткілікті екеніне сендірді. Тапсырыс берген дәріханаларға уақытылы таратып берудеміз- дейді қойма басшылығы.
Сондай ақ арнайы жасақталған Жедел топ қаладағы бірнеше дәріхана жұмысына зерделеу жүргізді. Топ мүшелері дәрілердің бағасын шектік бағадан асырмауы туралы қатаң ескертті.
9 шілде күні тұрғындарлың шағымы бойынша Тараз қаласы массив «Шөлдала» Ардагерлер көшесі 1 үйде орналасқан»Адон» дүкенінде «ацетилсалицовая қышқылының» 524 дәрілік орамасын заңсыз жоғары бағамен сатқан Ж есімді құрықталды.
Тәркілеу кезінде азаматтың дәрілік препараттың 1данасын 150 теңгеден(бұрынғы бағасы 25 теңге қорап) сатқаны анықталды.
Материал Жамбыл облысы бойынша ҚР ДСМ тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігі туралы сапаны бақылау департаментіне берілді.
Жедел топ алдағы уақытта өз жұмысын жалғастыратын болады
2020 жылдың 09-10 шілде күні 109 Жәрдем CALL-орталығына дәрі дәрмек бойынша 7 және 18 адам жүгініп. Әр қоңырау шалушы тиісті жауапты алды.
«Аса адалдық алаңы» ЖО жүргізген мониторинг нәтижесі
Аса адалдық алаңы жобалық кеңсесі және арнайы мониторинг топ мүшелері аудан орталығында орналасқан Жасұлан дәріханасында зерделеу жұмыстарын жүргізді. Зерделеу барысында қазіргі халыққа керекті бірқатар дәрілердің жоқтығы анықталды Олар: Ацикловир,дексаметазон,цитрамон,эуфулин,аскорбин қышқылы,ацитромицин. Ал халыққа қолжетімді дәрілерде жоқ емес. Олардың қатарына: асперин,мукалтин этиль спирт,калций глюканат, амокциллин,антигриппин тәрізді дәрі -дәрмектерді жатқызамыз. Сондай-ақ парацетамол жоқ болғанымен алмастырушы дәрілер бар. Олар: терафлю,тайлол,гриппо
«Talas Adaldyq Alańy» жобалық кеңсесі атқарған жұмыстар
«Talas Adaldyq Alańy» жобалық кеңсесімен аудандық мониторинг топ бірлесіп аудан орталығы Қаратау қаласында орналасқан дәріханалардағы баға тұрақтылығына зерделеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде 10 дәріхананың 9 дәріханасы тұрақты түрде, карантиндік шарттарға сай жұмыс жасауда. Баға өсімі анықталмады, бірақ кейбір дәріханаларда сұраныстын көптігіне байланысты антивирустық дәрі дәрмек жетіспеушілігі анықталды. Мысалы: антигриппин, кальций глюканат, аспирин, терафлю, парацетомол, ампициллин және т.б. Дәріхана иелеріне дәрі дәрмек бағаларын қымбат сатпау ескертілді
алдыңғы
келесі