A place where you need to follow for what happening in world cup

Данаев облыс әкімінің қолынан қос марапат алды

0 153

Жуырда республикалық «Үздік ауыл әкімі» байқауына облысымыздан іріктеліп алынған Жамбыл ауданы Полатқосшы ауылдық округінің әкімі екінші орынды еншілеп, аймақ атын асқақтатқан еді. Конкурстың негізгі мақсаты – жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізген, ауылдық елді мекендердің дамуына елеулі үлес қосқан, сондай-ақ, халықпен белсенді ашық жұмыс жүргізетін үздік ауыл әкімдерін анықтау және ынталандыру болып табылады.

Конкурсқа еліміздің он төрт облысынан жүзден астам ауылдық округ әкімдері өтінім берген.

Бүгін ауылын ауызбіршілікке бастап, ұйымшылдықтың үлгісін көрсе білген Ержан Әлімжанұлын облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың өзі қабылдап, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының грамотасын және Алғыс хатын табыстады.

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.