Республикалық “Үздік ауыл әкімі” конкурсында Полатқосшы ауылдық округінің әкімі Ержан Данаев 2 орын иеленді.
Этнос өкілдерінің ауызбіршілігін, ауыл азаматтарының бірлігін бірінші орынға қойған Ержан Әлімжанұлын аудан әкімі Сәкен Арубаев пен әкімдік қызметкерлері, әріптестері ізгі тілегін білдіріп, жеңісімен құттықтады.
Айта кету керек, облысымыздың намысын қорғаған Е.Данаев ашықтығымен, іскерлігімен ерекше көзге түсіп, бағаланған.
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі