A place where you need to follow for what happening in world cup

Денге саулық, дертке шипа сыйлаған жандар !

0 288

Бүгінгі жексенбі медицина мамандарының кәсіби мерекесі! Адам өміріне араша болуда аянбай тер төгіп жүрген жандардың еңбектері ерен. Төл мерекелері қарсаңында қаламыздағы медицина мекемелері басшылары мен бас дәрігерлерін құттықтадым. Карантиндік режимде кеселмен күресіп жатқан дәрігерлерімізге алғыс айтамыз. Сала мамандары ретінде қажыр-қайратын, білімін, адал еңбегін, ақ пейілін халық денсаулығын сақтау ісіне арнап жүрсіздер. Сонымен қатар, партия жұмысына да ерекше атсалысып, өз белсенділіктеріңізді көрсетіп жүрсіздер. «Nur Otan» партиясының Жамбыл облысы бойынша 56 008 мүшесі бар. Оның ішінде 7411-і денсаулық сақтау саласының қызметкерлері. Ал, Тараз қаласының өзінде 10-нан астам денсаулық сақтау саласының мамандары басқаратын бастауыш партия ұйымдары бар. Ақ халатты абзал жандарымыздың отбасына амандық, жұмыстарына жеміс тілеймін!

 Балабек Нарбаев,

«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы

Төрағасының бірінші орынбасары

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.