A place where you need to follow for what happening in world cup

Димаш Құдайберген концертінен түскен қаражатты Түркиядағы зардап шеккендерге аударады

0 46

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген «Stranger» әлемдік турнесінен түскен қаражаттың бір бөлігін Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендерге аударады.

«Қазақ халқына бауырлас, ағайын ел болып саналатын Түркиядағы, Сириядағы және басқа да елдерде табиғаттың залалынан көптеген адамның қаза тапқанын естідік. Әрине, зор күйзеліспен қабылдап отырмыз. Барлық дүние салған адамдардың жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Ауыр халде күй кешіп жатқан бауырларымызға тезірек сауығып кетуін тілейміз», — деді қазақстандық әнші өзінің Instagram парақшасында.

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.