Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі алғашқы жеке ән кешін өткізді деп хабарлайды “Aulieatanews” Ақпараттық агенттігі . Оның “Arnau tour ENVOY” деп аталатын шоу концертіне ғаламшардың түкпір-түкпірінен жанкүйерлер жиналды. Тыңдарман қауым ерекше дарын иесін үш сағат бойы табиғи жанды дауыста тыңдаған. Талантты жанның өнеріне тамсану үшін әлемнің 54 елінен тыңдармандары келген.