A place where you need to follow for what happening in world cup

Екі рет дауыс берген Ұлжан әже

0 314

Жамбыл ауданында барлығы 34 сайлау учаскесі болса, бүгін Ерназар, Ақбастау, Аса, Жамбыл, Қаратөбе ауылдық округінде орналасқан 10 сайлау учаскесінде сайлау қызу жүріп жатыр.

Мүмкіндігінше халықты сапалы ақпаратпен қамтамассыз ету үшін осы елде мекендерге арнайы барып, халықтан сауалнама алып, ой-пікірлерін біліп жүрміз.

Сондағы білгіміз келететіні: «Кімге дауыс бердіңіз?», «Не себепті ол азаматты таңдадыңыз?.

Кезекті Ақбастау ауылдық округіндегі #170 сайлау учаскесіне барғанымызда сөзіне қол тоқтайтын, данагөй Ұлжан Төлепбергеновамен әңгімелесудің сәті түсті.

Ағынан ақтарыла кеткен әжей сөз арасында екі мәрте дауыс бергенін айтып қалды.

Біз таңырқап: — Әже, ауыл әкімдерінің сайлауына бір ғана дауыс қабылданады, -дегеніміз мұң екен, езу тартып қайта сөз жалғаған кейуана:
— Мен бірінші дауысымды мына ауылдың келешегіне қам жейтін, көптің қолдауы бар азаматқа берсем, екіншісі осы таңдауым жаңылдырмаса екен деп Алла тағаладан тілеп, батамен дауыс бердім,- деді.

Расында, бізде ақ жаулықты анамыздың көкірек сарайы алтын екенін ұғындық.

Ақжігіт Жетпісбай, Жамбыл ауданы

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.