A place where you need to follow for what happening in world cup

Елорда күнінде көпбалалы 2 отбасыға баспана берілді

0 251

Елордамыз өткен 22 жылда жалпақ дүние назар аударған әлемдік және халықаралық форумдардың алаңына айналып, мәртебесі биіктеді.

Бас қалада тарихи және мерейтойлық самиттер, съездер, қысқы Азия ойындары, «Expo-2017» халықаралық көрмесі өтіп, төрткүл дүниеге танылдық.

Ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласы күні мерекесі күні Жамбыл ауданында жергілікті жұртшылықтың демеушілігімен көпбалалы екі отбасы баспаналы болды.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Асарлатып үй салу» жобасы аясында бой көтерген Гродеково және Өрнек ауылдарындағы баспананың кілттерін аудан әкімінің орынбасарлары Ерлан Қыдыралыұлы мен Олжас Баққараев отбасыларға табыс етті. Тұрғын үйге қол көмегін берген азаматтарға аудан әкімі Сәкен Арубаевтың Алғыс хаты табыс етіліп, ыстық ықыласы жеткізілді.
Өз кезегінде қуанышқп кенелген отбасылар елеп-ескеріп, көңіл сарайының есігін ашқан кілең жайсандар мен жақсыларға алғыс-алқауын білдіріп, ризашылығын жеткізді.

Ақжігіт Жетпісбай
Жамбыл ауданы

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.