Өңірлік ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/5 мекемесінде 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында салтанатты шара ұйымдастырылды. Мерекелік жиында мекеме бастығы әділет подполковнигі Бақытжан Шарипбеков бастаған ер-жігіттер аруларға құрмет көрсетті. Бақытжан Зикенұлы өз сөзінде қоғамда әйелдің рөлінің зор екендігін тілге тиек етіп, Ұлы Дала елінің ежелден әйел-анаға деген құрметі ерекше екенін жеткізді.
— Қадірлі ару-аналар шырайлы көктемнің шуақты күні – барша адамзаттың көңілін жадырата келген «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Ел үшін еткен еңбектеріңізді ерекше бағалай отырып, құрмет көрсету – біздің парызымыз. Шырайлы мерекеде отбасында жадырап, жайнап жүре беріңіздер, – деді Б.Шарипбеков.
Өз кезегінде ардақты аналар әріптестеріне алғыстарын айтып, ақжарма тілегін жеткізді.