A place where you need to follow for what happening in world cup

Еуропа лигасы: «Астана» клубы топтық кезеңнің соңғы турында ірі есеппен ұтылды

0 87

Футболдан Еуропа лигасының топтық кезеңі аяқталды. Нұр-Сұлтан қаласының намысын қорғайтын «Астана» клубы соңғы турда сербиялық «Партизан» клубынан 4:1 есебімен жеңілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Елордалық ұжым Instagram желісіндегі ресми парақшасында жазды.

Матч Сербияның астанасы Белград қаласында өтті. Тартысты өткен ойында есепті алаң иелері ашты.

«Партизан» ойыншысы Сума алғашқы таймның 4 минутында-ақ «Астана» қақпашысы Ненад Эричтен айласын асырды. Артынша Садик 22 минутта есепті еселесе, 4 минуттан кейін Асано тағы бір голдың авторы атанды.

Алғашқы таймда 3:0 есебі сақталды. Екінші таймды «Астана» клубы қарқынды бастады.

Алайда қарсыластар қақпасынан саңылау табу елордалық ұжымның ойыншылары үшін үлкен қиындық тудырды.

Матчтың 75 минутында Садик есепті 4:0-ге жеткізді.

Ойынның соңғы минуттарында «Астана» клубы қарсыластар қақпасына бір доп соға алды. Ал елордалық ұжым сапынан жалғыз голдың авторы Ротариу атанды.

«Партизан» — «Астана» арасындағы кездесу соңында отандық командасының бас бапкері Роман Григорчуктың қатысуымен баспасөз жиыны өтті.

Ол тартысты өткен матч туралы өз пікірін білдіруді.

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.