A place where you need to follow for what happening in world cup

Халыққа қызмет – қасиетті міндет

0 188

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік  корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Қыстаубай Сағынтаевтың Әбдірұлы тілші сауалына жауапты осы сөздермен бастады. Оның жөніде бар. Өйткені бүгінде мемлекеттік қызмет көрсету ауқымы бұрынғыдан артып отыр.

Қыстаубай Әбдірұлы, сіз басқарып отырған мекеме адамдардың әртүрлі аса қасиетті қызметтерді пайдалануын оңайтатып отырғаны мәлім. Енді осы мәселе туралы тарапын айтып берсеңіз.

— Осыдан үш жыл бұрын мемлекеттік корпорация құрылып, оның құрамына «Халыққа қызмет көрсету орталығы», «Зейнетақы төлеужөніндегі мемлекеттік орталығы» , «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» мекемелері кірген. Сондай ақ 2018 жылы корпорацияға юстиция органдарынан жылжымайтын мүлікті тіркеу құқығы да берілді. Сонымен, бүгінде мемлекеттік корпорация Қазақстан тізімдегі 752 мемлекеттік қызметтің 621-ін көрсетіп отыр. Бұл 83 пайыз шамасында.

Әрине, үш жылдық қызметтің қорытынды нәтижесі туралы айтқанда цифрларға тоқталатынымыз сөзсіз. Осы уақыт ішінде  корпорация 95,5 миллион мемлекеттік  қызмет көрсеткен екен. Оның ішінде  фронт кеңселері  арнаулы, көші-қон және мобилді қызмет көрсетулері, сондай ақ мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсетудің қолжетімдігіне қамтамасыз етуді әрқашан басты назарда. Мысалы, 2018 жылы республика бойынша азаматтардың осы бойынша 29 335 рет үйлеріне барып, 37 397 қызмет көрсетілген. Корпорацияның өзінде мүмкіндігі шектеулі 602 адам жұмыс істеп жатыр.

Қазақстан бойынша үш жыл ішінде берілген электрондық цифрлық қолтанба туралы бөлек айтуға тұратындай. 13 миллион данадан астам.  Жамбыл облысы жағдайына келер болсақ, біздің филиал  осы үш жылда 6 244 085 қызмет көрсетіп, 853 289 электрондық цифрлық қолтанба берген.

Жалпы электрондық қызмет көрсету ісіне көптеен өзгерістер енгізіп жатқан шығар? Оған қарапайым халықтың сауаттылығы сай келе бере ме? Бұл жөніндегі жұмыстары жайы қалай?

— Дұрыс сауал. Бүгінгі таңда біздің филиалы тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыруға аз жұмыс атқарылып жатқан жоқ. Ауқымды жұмыстар жүзеге асырылып жатыр. Мәселен, электрондық үкімет порталы арқылы. Бұл жағдайда электрондық үкімге қызмет саны жыл сайын өсе түсуде. Оған мысал, 2018 жылы электрондық үкімет порталы арқылы жүргізуші куәлігін ауыстыру немесе көлікті тіркеу мүмкіндігі туған. Порталда әрекет етудің шарттары көрсетілген, фото мен қол көшірмелеріне талаптар ережелері жазылған. Бір жағынан нақты уақыт үнемдеу, стандарт бойынша жүргізуші куәлігін рәсімдеуге кемінде екі сағат керек болса, портал арқылы әрі керегі 40 минут. Бізде көпшілік мемлекеттік қызмет пайдаланудың оңайлығын жеткізу, «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың мақсаты мен пайдасын түсіндіру жөнінде әртүрлі іс шара өткізіліп тұрады, біз түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін адамдар көп жиналған орталықтарында, оқу орындарында, автосалондармен автобазарларда жиі боламыз. Акция өткізілген жерлерде қызметтерді түсіндіру жұмыстары жүргізіп қана қоймай, смартфон  мен планшеттің көмегімен нақты жұмыстар көрсетіледі.

Цифрлық қызметтің тиімділігі жоғары шығар?

— Әрине, 2018 жылдың желтоқсанында қаламызда Цифрлық қызмет алу орталығы ашылған. Мемлекеттік қызмет ұсынудың бұл жаңа үлгісі арқылы тұрғындар өз бетінше, операторлардың қатысуысыз электрондық мемлекет қызметтерді пайдалана алады. Орталықта сондай ақ цифрлы сауатты арттыру оқу сыныптары бар,ол жақта біз egov.kz порталының барлық мүмкіндіктері, Mgov қосымшасы және телеграмм-бот арқылы қызмет пайдалану туралы әнгімелеп береміз, оларды пайдалануды үйренуге көмектесеміз. Оқуды бітіргеннен кейін анықтама алушылар порталда өздігімен жұмыс істуге дайын екендігі жөнінде куәлік беретін сертификаттар алады. Оған қоса, біз оқу орындары мен еңбек ұжымдарына шығып, осындай сабақтар өткізіп тұрамыз.

Қызмет пайдаланудан ауылдағы ағайындар алыс елді мекендер тұрғындары шетте қалып жатқан жоқ па? Оларды қамту жайы қалай?

— Ол мәселеде біздің назарымызда. Жыл бойы мемлекеттік қызметтер көрсету ауылдар мен алыс елді мекендер тұрғындары үшін мобилді қызмет көрсету орталықтары шығып тұрады. Мамандар ауылдықтарға  қажетті мәліметтер алуға көмектесіп қана қоймай, электрондық цифрлық қолтанба, порталды қалай пайдалану туралы әңгіме дүкен құрады.

Сонымен қатар ауылдық жерлерде округтік базасында  кездесулер ұймдастыру  қалыпты жағдайға айналған. Онда мамандар  ауылдықтарға портал пайдалануды үйрену, ЭЦҚ қаншалықты пайдалы әрі тиімдігі жөнінде терең түсінік беріледі. Біз қазір «халыққа қызмет көрсету орталығы қалтада» ұстанымымен әрекет етіп жүрміз. Яғни, тұрғындарды  «цифрландыру», оларға жылдам, бастысы шұғыл әрі нақты мемлекеттік қызмет пайдалануға көмектесеміз.

Жақында көшіқон орталығын ашыпсыздар. Оның тиімділігі қандай болмақ?

— Бұл орталық шетел азаматтары мен әңбек мигранттарына арналған. Орталықтың ашылу салтанатында облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков, Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қыймыл аганттігі Жамбыл облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Равиль Тулебаев қатысты. Орталық қызметі мңызды екенін осыдан-ақ біле беріңіз.

Композиттік қызмет дегенді түсінбей жатқандар бар. Бұл өзі адамдардың әлеуметтік мекемелеріне қатысы бар сияқты. Осы жөнінде жіктеп айтып берсеңіз?

— Композиттік қызмет – бір өтініш бойынша бірнеше қызметті көрсету. Корпорацияда 55 мемлекеттік қызмет 21-ге оңтайландырып отыр. Мысалы, жасына қарай зейнетақы тағайындау, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі және біріңғай жинақталған зйнетақысы қорынан зйнетақы төлемі мәселелерін бір-ақ өтініш бойынша шешуге болады. Бұрынғыша қайта-қайта ХҚКО-га өткізіп, қайта-қайта өтініш жазып жүрмейсіз. Бұл жасы ұлғайған адамдарға өте қолайлы.

Сол сияқты, жас ата-аналарға сәби дүниеге келісімен мобильді телефон арқылы құттықтау жіберіп, бірден үш қызмет ұсынылады. Әйелдер, үйден шықпайақ, баланың туу туралы куәлігін алуға өтініш, әлеуметтік жәрдемақы алуға тапсырыс, балабақша кезегіне тұруға арыз бере алады. Тиімді ме? Тиімді, әрине.

Өткен жылдың аяғына қарай Қазақстанда «биометрия» жобасының қанат қаққаны жөнінде айтылған еді. Мұның алдын-ала нәтижелері бар ма? Таяу уақыттарды жеке куәлік бойынша мемлекеттік қызмет пайдалану келмеске кететіні туралы айта аламызба?

— Біздің басқарма төрайымы Әсемгүл Серікқызы Балташеваның айтуынша, биометрия жобасының негізгі мақсаты дәстүрлі мемқызмет пайдалануды ығыстыру емес, тек осы процесті жеңілдету. Онда адамдар жеке куәлігін немесе электрондық цифрылық қолтанбасын қалтасына салып жүрмей ақ, қызметтерді саусақ таңбасымен пайдалана алады. Бұл жерде ақпараттық қауіпсіздік мәселесі де шешілген. Сіз үшін ешқандай бөгде адам қызмет алуға сіздің құжаттарыңыздан пайдалана алмайды. Қазірдің өзінде ақ Қазақстанның қаржы секторы қызмет көрсетуде биометриалық тәсілін табысты пайдалануда.  Кейбір мобилдік банктілік қосымшаларға саусақ таңбасымен кіруге болады. Әрине, біз үшін бұл қызмет көрсету деңгейіндегі  жаңа баспалдақ екені түсінікті.

Қазір бұл жоба Нұр-Сұлтан , Алматы және Қызылорда қалаларында жұмыс істеп жатыр. Мемлекеттердің биометриялық базасында алты мыңнан астам тіркелген. Бұл жоба қоғамда үлкен қолдау табады және қызмет көрсетуді қарапайым әрі қауіпсіз етеді деген үміт бар.

Солай болғай! Мазмұнды және нақты түсінікті әңгімеңізге рақмет!

  Болат Жаппарұлы

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.