A place where you need to follow for what happening in world cup

Халықтың денсаулығы — басты байлық

0 154

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев қауіпті вирус Қазақстанда кең жайылып кетпеу үшін елімізде ең алғашқы сәттен-ақ күрделі шешім қабылдады. Соның арқасында елімізде індет жаппай таралған жоқ. Халықденсаулығын басты назарға алған мемлекет басшысы қолдан келген барлық шараларды жасауды тапсырып,тікелей бақылауына алды.
Шұғыл арада дәрігерлер мен медициналық нысандарды індеттің алдын алуға бейімдеді. Күні кеше ғана елорда төрінде он төрт күнде заманауи аурухана пайдалануға берілді.Медициналық қызметті дамыту-бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Бұл тапсырма еліміздің барлық аумағында жүзеге асты.
Аудан аумағында да бұл жұмыс,яғни індетке қарсы күрес жоғары деңгейде жүргізілді, ауданда коронавирус індетін жұқтырған науқас тіркелмеген.
Үй карантитінде 50 адам (оның ішінде 46 адам Петропавлдан келкен әскери қызметшілер).
Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларынан келген 1711 адамның (оның ішінде 800 студент, 125 жүкті әйел) жағдайы бақылауда. Күнделікті телефон байланысы арқылы мониторинг жүргізілуде, жағдайлары тұрақты.
Карантин жарияланғалы бері (19.03.2020 жылдан бастап) ауданға 125 жүкті әйел келіп, оның 9-ы аман-есен босанды.
Аудандық орталық аурухананың 75 дәрігері мен 300 орта буын қызметкерлері коронавирус инфекциясының алдын-алу шараларына жұмылдырылған.
Сыйақы тағайындау үшін медицина қызметкерлерінің тізімі (46 адам) жасақталып, облыстық денсаулық сақтау басқармасына берілді.
Ауданға жалпы 17 перометр (тепловизорды алмастырушы) алынды. Оның 6-ы 3 блокпостқа берілсе, қалған 11 данасы аудандық орталық аурухананың бөлімдерінде пайдаланылуда.
Дезинфекциялық құрылғылар жеткілікті.
Коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтармен қатынаста болған науқастарды бақылауға жатқызуға жұқпалы аурулар бөлімінен 26 төсек орын даярланған.
Препараттар қоры жасақталған.
Басты міндет-азаматтарымыздың денсаулығын сақтап, өмірін қорғап қалу. Халықтың қауіпсіздігі үшін жұмыста жүрген дәрігерлер , құқық қорғау органдарының өкілдеріне және әскери қызметшілерге Президент ерекше алғыс айтты. Қауіп -қатерге қарамай, мұқтаж жандарға көмек қолын созған жандарға ризашылығын білдірді. Біз де өз ауданымызда еселі еңбек атқарып жүрген бүгінгі күннің батырларына алғыс білдіреміз.

Бақтияр Кишкенебаев, 

Т. Рысқұлов аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің
Қайыңды ауылдық округі бойынша жастар ісі жөніндегі инспекторы

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.