A place where you need to follow for what happening in world cup

Иесін тапқан 6 млн теңге

0 108

Садақаның екі түрі болады. Біріншісі жария, екіншісі жасырын садақа. Бұл туралы Түрксіб ауылының найб имамы, ауыл жанашыры Болат Айдарбеков айтқан еді. Жасырыны біреудің арына нұқсан я болмаса кемшілігі әшкереленетін болса жар салынбай көрсетілетін садақа. Ал жария садақа жасап жатқан қайырлы амал өзге де адамдарға үлгі болу, жақсылыққа шақыру, жүрегіне иман ұялатуға бағытталады.
Жуырда «Асар Уме» және «Береке» қайырымдылық қорлары Жамбыл ауданына келіп, тұрмыстық көмекке шын мұқтаж азаматтар тізімін саралай отырып, Аса ауылының тұрғыны, көпбалаы ана Е.Вонюкованың үйіне барды. Кейуанамен емен-жарқын әңгімелесті. Үй-жайы, бала-шағасы туралы сұрап, қолдау көрсету үшін арнайы келіп отырғанын жеткізді.

Ұлын ұлылыққа, қызын кісілікке тәрбиелеп отырған ана көп жылдан бері жалдамалы пәтерде тұрып келеді. Тапқан табысын ұл-қыздарын қатарластарына қалмау үшін еңбек етіп жүрген ананың өмірі көпке ғибрат.

Аталған қайырымдылық қоры кейуанамен әңгімелесе келе жағымды жаңалықпен бөлісті.
Бұл туралы аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің бас маманы, аудандық «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің жетекшісі Мади Жанұзақов:
– Аты жаман індет алғаш қылаң бергенде облыстық «Кислород SOS» еріктілер тобының мүшелігіне өз еркіммен қабылданып, қайырымды іске атсалысып келемін. Бүгінде жоғарыдағы қайырымдылық қоры мен еріктілер тобы өңірімізге келіп, баспанаға мұқтаж отбасыға 6 млн теңгенің сертификатын табыстады. Алдағы уақытта Аса ауылынан тамаша баспана сатып, қуаныш иелерін сүйіншілейтін боламыз, – дейді Мади Жарылқапбайұлы.

Өз кезегінде игі іске иілген жандарға аудан әкімі Сәкен Арубаев алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді.Жақсылықты жаны сүйетін азаматтардың арқасында күміс алқа иегері армандаған баспанаға қол жеткізетін болады.

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.