A place where you need to follow for what happening in world cup

Өңірімізде алғашқы ақылды терминал орнатылды

0 179

Жуырда Меркі аудандық прокуратурасының бастамасымен және аудан әкімдігінің қолдауымен, аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтардың жүріс-тұрысын бақылауды оңтайландыру мақсатында биотерминал орнатылды. Еліміз бойынша санаулы өңірлерде ғана қолжетімді бұл құрылғы облыста әзірге Меркі ауданында ғана бар.

Пробация қызметінің жұмысын жеңілдетіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда септігі мол аталмыш құрылғы маңызды рөл атқарады. Бастысы, бұрын кезек күтіп шаршайтын сотталғандардың уақытын үнемдеуге электронды құрылғы үлкен сеп. Саусақ жанасса болды бұл құрылғы сотталған азамат туралы барлық мәліметті беруге мүмкінігі бар. Атап айтқанда, сотталғанның жеке бас дерегінен бастап, қай кезде сотталғаны, қандай бап бойынша істі болғаны, енді қанша уақыт мерзімі қалғаны жайлы ақпарат лезде алынады.

Аудандық пробация бөлімінің бастығы Арайлым Самбетова ақылды терминал орнатылғалы бері уақытын үнемдеген сотталған азаматтар өз пікірлерін білдіріп жатқандығын жеткізді.

— Қазіргі таңда Меркі ауданында 130 сотталған азамат пробация есебінде тұр. Сотталған азаматтар да бұл құрылғының қолайлығыны байқап, өз пікірлерін айтуда. Бұрын олар тіркеуге келген кезде, жүріп-тұру есебін жазу үшін кезекте тұратын. Ал қазір саусақ ұшы құрылғыға жанастырып, тіркеудің күні мен сағаты белгіленеді, — дейді әділет майоры.

Бауыржан Өтепберген,
Меркі аудандық пробация бөлімінің инспекторы

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.