A place where you need to follow for what happening in world cup

Өңірлік ҚАЖ департаментінің басшылығы жүлделі жігіттерді марапаттады

0 45

Жуырда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ҚАЖ комитеті төрағасының Кубогі үшін жекпе-жектен XII чемпионат өтіп, онда 17 аумақтық департаментінен келген пенитенциарлық жүйе қызметкерлері өзара кім мықтыны анықтады.

Үш күнге созылған жарысқа 55 – тен +90 кг – ға дейін салмақ дәрежесіндегі 89 ер адам және 45-тен +75 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесіндегі 13 әйел адам қатысты. Үздік спортшылар бақ сынасқан дүбірлі додадан жерлесіміз жүлделі оралды. Атап айтқанда, ерлер арасында 55 кг дейін салмақ дәрежесінде Ардақ Төребек ІІ орынға ие болды.

Айта кетейік, бұған дейін өткен облыс біріншілігінде өңірлік ҚАЖ департаментіне қарасты мекемелерде қызмет ететін спортшы жігіттеріміз қоян-қолтық ұрыс түрі бойынша қарсыластарынан басым түскен-ді. Аталған чемпионатта +90 кг-ға дейін салмақта Дархан Құдайберген І орынға лайық екенін дәлелдесе, 80 келіде өнер көрсеткен Диас Үштаев жүлделі ІІ орынға табан тіреді. Ал Ардақ Төребек (55 кг), Қуандық Қуанышұлы (65 кг), Азамат Саткулов (70 кг), Сержан Төлепберген (85 кг) үздік үштікті қорытындылады.

Жеңімпаздарды құттықтаған облыс бойынша ҚАЖ департаменті бастығының міндетін атқарушы әділет полковнигі Теңізжан Жәнібеков әскери өнер дағдыларын іс жүзінде игеру қажет екендігін атап өтті.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.