A place where you need to follow for what happening in world cup

Каналдардың жай-күйін көрді

0 27

Сәрсенбі күні облыс әкімінің орынбасары Берік Нығмашев ауданымызға жұмыс сапарымен келіп, бірқатар каналды аралады,-деп хабарлайды Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Таң сәріден жолға шыққан Берік Болатбекұлы мен аудан әкімі Сәкен Арубаев Өрнек, Ерназар елді мекеніндегі «Саза», «Айтақ», «Көгөй», «Базарбай», «Шиелі» және Аса, Қарасу округіндегі «Қуат», «Кейкі», «Аманалы» каналдарына барып, қайта қалпына келтіру жұмыстарын қолға алған мердігерлік мекеменің басшыларымен әңгімелесіп, су қоймаларының жай-күйін сұрады.
Биыл «Теріс-Ащыбұлақ» су қоймасындағы судың мөлшері аз болғандықтан каналдарды ретке келтіру, үнемді технологияларды пайдалану үшін қажетті жабдықтар алынып, ретімен орналастырылып жатыр. Дегенмен халық қажетіне берілетін су шаруашылығындағы нысандардың кейбірі аяқталу мерзімінен қалыс қалып жатса, енді бірі сызбанұсқадан ауытқып кеткені анықталды. Барлық мәселеден хабардар екенін жеткізген облыс әкімінің орынбасары Б.Нығмашев аудан шаруаларын егінсумен қамтамасыз ету үшін қолға алынған жобаларға қайта өзгеріс еңгізу қажеттігін баса айтып, тиісті мамандарға тапсырмалар жүктеді.
Мұнан соң Берік Болатбекұлы «Қызылдихан» өндірістік коперативінің 100 гектар қызылша мен пияз алқабынандағы қызу қарбаласқа риза көңіл танытты. Дихандармен жүздесіп, бал тамырдың түп байлауы жоғары екенін атап өтті.
Облыс әкімінің жұмыс сапары барысында «Казсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Жамбыл облыстық филиалының директоры Қазыбек Бедебаев, аудан әкімінің орынбасары Ерлан Қыдыралыұлы «Казсушар» Жамбыл филиалы Аса өндірістік бөлімшесінің басшысы Есенбек Қалдыбеков және аталған округтердің әкімдері бірге жүрді.

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.