A place where you need to follow for what happening in world cup

«Кемелді келешекке – кемеңгер Елбасымен!»

0 202

Жамбыл ауданы мектептерінің қатысуымен, ел болашағы, жас буын өкілдеріне жан-жақты қолдау көрсетіп, жасөспірімдердің қоғам өмірінде белсенділігін арттыру, балалар қозғалысының өзекті мәселелерін шешудегі бірлескен әрекеттерді шоғырландыруға бағытталған өңірлердегі балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының өкілдері арасында ынтымақтастықты  нығайтуға  көмек беру мақсатында “Кемелді келешекке – кемеңгер Елбасымен!” тақырыбында аудандық форум өтті.

   Форум қазіргі таңдағы жағдайға байланысты zoom платформасы арқылы, үш кезеңмен өрбіді. Форумға аудан мектептеріннен бір оқушы /ұйым қатарына қабылданушы/ және ұланбасылары аға тәлімгерлерімен қатысты.

Форумды үйлестіруші, Әзімбек Ысмайылұлы атындағы орта мектебінің аға тәлімгері Б.Аманжолова мен ұланбасы Сайлаубай Ақбөпе жүргізді.

Форум төмендегі бағдарлама бойынша өтілді.

1.Форумға қатысушыларды түгендеу

2.Форумның тақырыбымен таныстыру

  1. Мақсатымен таныстыру
  2. Жасұландықтарға сипаттама беру
  3. Ұранды айтқызу
  4. Ант қабылдау
  5. Төс белгі мен галстук тағу рәсімі
  6. Ұйымның әнұранын орындау

9.Құттықтау сөз

10.Жабық деп жариялау

Аталған форумға 35 мектептен  35 тәлімгер,  28 ұланбасы,  28 жасұландық және 7 жасқырандықтар қамтылды.

Мектеп санына байланысты іс-шараның толық өтілуі үшін zoom платформасы үш рет қосылды.

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.