A place where you need to follow for what happening in world cup

Үкілеп қосылған үздік жоба

0 278

Үкіметте мақұлданып, үкілеп қосылған үздік жоба үмітті ақтай бастады. Алғашқы нәтижелер көңіл қуантады. Облыстың он ауданынан он бір округ таңдалып алынып, пилоттық жоба өткен жылдың аяғында басталып кеткен. Не бәрі екі айдың ішінде құжаттар жинақталып, 2,5 пайыздық несие рәсімделіп, шаруалар сатып алған малдарын қораларына кіргізіп үлгерді.
Облыс әкімі күн сайын кешкі 18.00 де жиын өткізіп, есебін алып, тікелей қадағалап отыр. Сұрақ та, жауап та қысқа.
Бүгін қанша құжат рәсімделді, қанша несие төленді, қанша мал алынды?
Ауқымды жобаның тағы бір бағыты осы кооперативтерді техникамен қамтамасыз ету. Бір айдан кейін көктемгі дала жұмыстары басталады. Жұмысты жүйелеп ұйымдастырудың нәтижесінде бұл бағыт та жоспардан ерте орындалды. Су жаңа техникалар келіп жетті. Алдағы уақытта осы техникалардың күшімен үй іргесіндегі (шарбақ) 1 071,7 гектар және ауыл сыртындағы 77 362 гектар жерлер игеріледі.
Жаңа техникалар ертең сағ 11.00 «Атакент-Тараз» сауда орталығынан әр ауылға таратылады.

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.