A place where you need to follow for what happening in world cup

«Кітапты сыйға тарт»

0 215

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы оқу әдістемелік кабинетінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және 2020-2021 жылдарға жоспарланған іс-шаралар тізбесіне сәйкес «Кітапты сыйға тарт» -«Книга в подарок» атты кітапханаларға ерікті түрде кітаптар сыйлау атты акция Жамбыл ауданы Әбдірахман Әйтиев атындағы орта мектебінде ұйымдастырылды.

Кітап — адам баласының сан ғасырлық ақыл — ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. Заман қанша қарыштап дамыса да ешқандай құрылғы кітаптың орнын алмастыра алмайды. Кітаптың қадіріне жетіп, бағасын білу, оқушылардың бойына кітап оқу мәдениетін сіңірудің маңызы зор.

Кітапты дәріптеген шарада мектептің қорына 7 кітап түсті. Олар негізінен көркем әдебиеттер. Акцияға белсене қатысқан ата-аналар мен балаларға алғыс білдірілді. Алдағы уақытта да осындай игілікті шаралар ұйымдастырылып тұратын болады.

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.