A place where you need to follow for what happening in world cup

Әлемді мойындатқан Әбілхан

0 106

Токио төрінде ел намысын қорғайтын басты үміткерлер­дің бірі боксшы Әбілхан Аманқұл десек еш қателеспейміз. Осы жұмада Иордания мемлекетінде 75 келі салмақта бақ сынайтын былғары қолғап шеберімізге бапкерлер де, спорт мамандары да үлкен сенім артып отыр.

Жалпы Әбілхан Бекмұратұлы Жуалы ауданының тумасы. Cпорттық жолын Жуалы ауданының спорт мектебінде 2006 жылы бастаған. Жаттықтырушысы Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген даңқты бапкер Нұрлан Ақүрпеков.
Жалынды жас 2013 жылы «Жамбыл» бокс клубына қабылданады. Осы кезден бастап әлемдік және ел біріншіліктерінде жүзден жүйрік шығып, таныла бастайды. Бүгінде ол Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша білімін шыңдауда.
Саңлағымыздың спорттық жетістігіне келсек, екі дүркін Қазақстан Республикасы чемпионы. 2017 жылы Ташкентте өткен Азия чемпионатының қола жүлдегері. Осы жылы Гамбургте жалауы желбіреген әлем біріншілігінде күміс жүлдемен күптелген. Сондай-ақ 2018 жылы Джакартада ұйымдастырылған сары құрлық бәсекесінде күміс жүлде иеленді. Осылайша жерлесіміз небәрі жиырма жасында әлемді мойындатып отыр.
Енді Әбілханға бүкіл ел сенім артуда. Иордания мемлекетінде сәттілік жолдас болса, Олимпиада алауын көретіні анық. Ал ол байрақты бәсекеде жампозымыз барын салатынына бек сенімдіміз.
Ендеше жолың болсын, жампоз!

Саятхан Сатылғанов

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.