Бақытты отбасы дегенде көпшілігіміздің көз алдымызға қайратты әке, мейірімді ана, жадыраған балалар келеді. Шынында да солай. Отбасының бақыты үшін көп нәрсенің қажеті жоқ. Жанұя мүшелерінің сыйластығы, махаббаты, бір-біріне деген құрметі мен сүйіспеншілігі болса жетіп жатыр.
Қиындығы мол ҚАЖ саласында қызмет ететін Тимур Сандыбаевта шаңырағынан шаттық лебі ескен өнегелі отбасының перзенті. Әкесі Қамбар саналы ғұмырын құқық қорғау органдарында қызмет атқаруға арнап, адал еңбек етуді мұрат санаған азамат еді. Қарапайым қызметкерден басшылық қызметке дейінгі жолды абыроймен өткерген ел ағасы көзі тірісінде талай мәрте марапат төрінен көрінген-ді. Анасы Қызылкүл апай бүгінде зейнет демалысында. Отбасының ұйытқысына айналған аяулы ананың бар арман-тілегі елдің тыныштығы, ұл-қызының өсіп-өнгендігі. Бұл күн де немерелерінің тәтті қылықтарына тоймай жүруі қарт ананың ажарын аша түскендей.
1986 жылы 19 мамырда Жамбыл қаласында дүниеге келген кейіпкеріміз Тимур Қамбарұлы Қостанай қаласындағы ҚР ӘдМ ҚАЖ Академиясының түлегі. Қазіргі таңда өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/1 мекемесі бастығының режим және күзет жөніндегі орынбасары боп қызмет атқарады. Жұбайы – Таңшолпан Маратбекқызы бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отырған бақытты отбасы.
Айгүл Тыныстанова,
ЖД-158/1 мекемесінің кітапхана қызметкері