A place where you need to follow for what happening in world cup

Мақсат – түзу жолға түсіру

0 125

Жуырда Мойынқұм ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есе¬бінде тұрғандардың әлеуметтік оңалту мәселелерінің шешу жолдарын қарастыру жөнінде жиын өтті. Басқосуға аудан прокуроры И.Тойшыбеков, аудандық прокуратурасының прокуроры А.Кененбаева және аудандық жергілікті полиция бөлімінің бастығы Т.Абраманов, зиялы қауым өкілі С.Әбіл, аудандық пробация қызметінің еріктісі А.Садуов сондай-ақ, есепте тұрған сотталған азаматтар қатысты.

Кездесу барысында ең алдымен есепте тұрған тұлғаларға заңмен немесе сотпен белгіленген міндеттерінің орындалуы кеңінен түсіндірілді. Сотталған азамат егер жаза өтеу тәртіптерін қасақана орындаудан жалтарған жағдайда, жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылатыны тілге тиек етілді.

Бұдан бөлек, аталған жиында пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік-құқықтық көмек беру, жұмыспен қамтып, қоғамға бейімдеу осылайша, қайта қылмыс жасаудың алдын алу жөнінде де сөз болды.

Нұрсұлтан Каипов,
Мойынқұм аудандық пробация қызметінің аға инспекторы әділет капитаны

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.