A place where you need to follow for what happening in world cup

Маңызды басқосу

0 101

Ағымдағы жылдың наурыз айының 19 күні «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында Сарысу ауданы Жаңатас қаласы аудандық мәдениет үйінде жастар арасында ұлтаралық татулықты нығайту әлеуметтік және өзге де мәселелерді анықтау бойынша тренингтер кешені өткізілді.

Іс-шара мақсаты-жас ұрпақты жалпыұлттық бірлік пен ынтымақтастықты одан әрі нығайту, мәдениетаралық, шығармашылық, диалогты дамытудың жаңа формаларына бастамашылық жасау, жастарды қолдау. Сондай-ақ шара барысында «Қоғамдық келісім» КММ этносаралық қарым – қатынас мониторингі және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің әдіскері Рахат Ерханұлы жастар арасында сауалнамалық жұмыстар жүргізді. Өз кезегінде белсенді жастар ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.