A place where you need to follow for what happening in world cup

Маңыздысы – халық саулығы

0 98

Жамбыл облысының аумағында карантиндік шектеу шаралары туралы №39 Қаулының 13 тармағында санитарлық-гигиеналық талаптарды, арақашықтық пен бетперде режимін қатаң түрде сақтай отырып, Аса-Тараз бағытындағы «Ас-Ер» мал базары жұмысын (50%) жалғастыратыны жайлы баспасөз беттерінде жарияланған болатын.

Осы орайда қараша халық талаптарға қаншалықты көңіл бөлуде? деген сауалға жауап іздеген облыс әкімінің орынбасары Берік Нығмашев пен аудан әкімі Сәкен Арубаев кеше аталмыш базарға барып, мән-жайды көзбен көріп қайтты. Тұрғындарға қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау керектігін, қалта қамынан бұрын өз қауіпсіздігімізді ойлау қажеттігін алға тартқан басшылар, базар әкімшілігіне халықтың көп шоғырлануына жол бермеуді, шұғыл топ мүшелеріне бетпердесіз жүрген азаматтарға анықтама толтыруды тапсырып, дене қызуын тексеретін құрылғының істен шыққанын айтып, бірқатар кемшілікті жедел назарға алуды бұйырды.

 

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.