A place where you need to follow for what happening in world cup

Марат Сұлтанғалиев аудандық аурухананың жұмысын тексерді

0 162

Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев аудандық орталық ауруханасына арнайы барып, тыныс-тіршілігімен танысты.

Бас дәрігер Бағила Бегманова денсаулық саласындағы өзгерістер мен атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды.

Ауданда жалпы медицина қызметкерлер саны — 740.

Ауданымызға 2018ж -14 жас маман (акушер -1 хирург- 4, терапевт-1, жалпы тәжірибелі дәрігер -7, қоғамдық денсаулық сақтау дәрігері-1) дәрігерлері келді.

2019 жылы 8 жас маман (жалпы тәжірибелі дәрігер -5, терапевт-1, невропатолог-1, қоғамдық денсаулық сақтау дәрігері-1) дәрігері келді.

Оның 4-і облыстық денсаулық сақтау басқармасынан республикасының бюджет есебінен «Дипломмен ауылға» мемлекеттік басқармасы бойынша қарастырылған әлеуметтік көмек алуда.

Осы және өзгеде ақпараттарды аудан басшысының назарына жеткізді.

Аудан әкімі өз кезегінде басты байлық денсаулық екенін, осы бағытта еткен еңбекпен төккен тердің зая кетпейтінін, қашанда тұрғындар пікірімен санасып еңбек етуді тапсырды.

Аралау барысында ақ халатты абзал жандармен бас қосып, көкейлерінде жүрген ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Дариха Үмбетиярова,

Сарысу ауданы

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.