A place where you need to follow for what happening in world cup

Мектеп оқушылары кви-ге қарсы екпе алды

0 26

Бүгін Сарысу аудандық орталық ауруханасында балалармен мен жүкті және емізулі сәбиі бар әйелдерге Pfizer вакцинасын егу басталды. Алғашқылардың бірі болып екпені ерікті түрде М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының 6 оқушысы алды. Солардың бірі, аталған білім ордасының 11-сынып оқушысы – Аруай Орынбасар.

Аруай өзге қатарластары сияқты ата-анасының егпе алуға қарсы еместігі туралы рұқсат қағазын медициналық кітапшасымен бірге емхана ала келген. Ол алдымен міндетті тіркеуге алынып, екпеге жауапты дәрігер маманның арнайы бақылауынан өтті. Бәрі дұрыстығына көз жеткізген соң, екпені қабылдап, «Күту залында» 30 минут дәрігердің бақылауында болды. Екпеден кейін ешқандай кері әсері байқалмағандықтан, оқушыларды сынып жетекшілері мен ата-аналары үйлеріне алып қайтты.

Аудандық орталық ауруханасының емхана бөлімінің меңгерушісі Айнұр Тұяқбайқызының айтуынша, өңірге PFizer вакцинасының әзірге 60 дозасы жеткізілген. Алдағы уақытта ерікті түрде екпе алуға ниеттілердің жалпы саны түзіліп, тапсырыс беріледі.

COVID-19 қарсы аталған вакцинаны алуға Жаңатас көпсалалы колледжі студенттерінің ата-аналары да өтініш білдірген.

Сарысу ауданы әкімінің Баспасөз қызметі

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.