A place where you need to follow for what happening in world cup

Мемлекет басшысы елімізде білім беру мен мамандарды даярлауды сынға алды

0 34

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандық білім беру саласы жұмысына қатысты сын айтты.

«Білім саласы туралы айтар болсақ, айналып келгенде әңгіме оның сапасына келіп тіреледі. Нарық нақты бір сала мамандарын талап етсе, ал біздің білім министрлігінің нормативтік талабы басқа. Егер қазіргі нарық сұранысы белгілі бір сала маманын талап етсе, соған сай сіздерге өзгеріп отыруларыңыз керек», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев ірі бизнес өкілдерімен кездесуінде.

Мемлекет басшысының айтуынша, білім беру мен маман әзірлеу форматы заман талабына сай өзгеріп отыруы тиіс.

«Қайталап айтамын, біз стандартты білім беру форматын қайта қарауымыз керек. Сонымен қоса өскелең ұрпақтың да менталитетін өзгерткен жөн. Бұл мәселе елде болған қайғылы жағдайдан сабақ алатын жайттардың бірі», — дейді ол.

Бұған дейін Президент «Болашақ» бағдарламасының бағытын қайта қарау керектігін айтқан еді.

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.