A place where you need to follow for what happening in world cup

Мереке қарсаңында марапатталды

0 126

Бүгін өңірлік ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/4 мекемесінде 7-мамыр Отан қорғаушылар күні және 9-мамыр Ұлы Жеңіс күніне орай салтанатты шара өтті. Барлық санитарлық шараларды сақтай отырып өткен шараға мекеме ардагерлері және жеке құрам қызметкерлері қатысты.

Шараны мекеме бастығы Ерлан Тоқанов ашып, әріптестерін қатар келген қос мерекемен құттықтады. Ерлан Мейірманұлы өз сөзінде тату елдегі тұрақтылық пен тәртіп тұғырының берік болуы антына адал ер азаматтарға тікелей байланысты екенін атап өтті.

— Сізбен біздің міндетіміз — тәу етер Тәуелсіздігімізді қорғап, қастерлеу. Бұдан асқан мәртебе жоқ. Кешегі Ұлы Отан соғысына қатынасқан ата-әкелеріміз бойындағы қажымас қайратпен жігерлі рухтың арқасында осы үдеден шыға білді. Олардың ерен ерлігі біз үшін қашан да үлгі болып қала бермек, — деді Е.Тоқанов.

Бұл күні сондай-ақ қызметтік міндеттерін үлгілі атқарып, өзгелерден дараланып шыққан 25-ке жуық қызметкерге мекеме бастығының алғысы жарияланды.

Әлібек Алдыяров,
ЖД-158/4 мекемесі бастығының орынбасары

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.