A place where you need to follow for what happening in world cup

Министр: Бейжің Олимпиадасынан кейін кадрлық өзгерістер болады

0 38

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Бейжің Олимпиадасынан кейін көшпелі кеңес өтетінін мәлімдеді. Сол жерде кардрлық шешімдер де қабылданады.

Бүгін министрліктің алқа мәжілісінен кейін журналистер министрден Бейжің Олимпиадасы мен қазақстандық спортшылардың дайындығына қатысты жеке пікірін сұрады.

Абаев нақты қорытынды жасау әлі ерте екенін айтты. Себебі Олимпиада аяқталған жоқ. Дегенмен, министрлік Бурабайда көшпелі кеңесті өткізуді жоспарлап қойған.

«Олимпиада аяқталғаннан кейін біз бірден Бурабайда үлкен көшпелі кеңес өткізетін боламыз. Сол жерде нақты қорытындылар жасалады. Қысқы Олимпиаданың нәтижесі бойынша белгілі бір кадрлық шешімдер де болады деп ойлаймын», — деді Абаев журналистерге берген сұхбатында.

Айта кетерлігі, Бейжің Олимпиадасы 20 ақпанда аяқталады. 34 қазақстандық спортшы 87 жолдама ұтып алған. Осы уақытқа дейін финалға екеуі ғана шыққан. Бірақ медальды жеңе алмады. Абзал Әжіғалиев шорт-тректен төртінші орынға ие болды. Ал фристайл-акробатикада Ақмаржан Қалмырзаева іріктеу кезеңінде топ жарып, бірден финалға шықса да, құлап қалды. 

 

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.