A place where you need to follow for what happening in world cup

Министр ең төменгі жалақы қашан көтерілетінін айтты

0 610

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ең төменгі жалақы мөлшері қашан көтерілетінін айтты.

«Әлеуметтік төлем жайында айтып жатырмын ғой. Оның бәрі қажеттілік. Бұл көмекті мемлекет көрсету керек, мөлшері де көп жағдайда жеткілікті емес шығар. Бірақ, мұның бәрі неден туындайды? Жалпы, халықтың табысы көп емес, төмен. Мысалы, біздің сараптамаға сәйкес, бір адамға шаққанда халықтың табысы 59 мың теңгеден аспай отыр. Оның бәрі ең алдымен жалақыдан шығады. Себебі жалақы алып жүрген азаматтардың арқасында әлеуметтік төлемдер беріп жатырмыз. Кезінде Маргарет Тетчер айтқандай, «Мемлекеттік бюджет деген түсінік жоқ. Ол салық төлеушілердің ақшасы». Сондықтан жұмыс істеп жүрген азаматтарды қолдауымыз керек. Бірақ, бізде өкінішке қарай ресми статистика бойынша орташа жалақы 200 мың теңгеден аспай тұр», – деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн режимде өткен халыққа есеп беру кездесуі барысында.

Министр жұмыс істеп жүрген азаматтардың 77 пайызы 200 мың теңгеден де төмен жалақы алып жүргенін айтты.

«Әр салада әртүрлі. Ауыл шаруашылығында 105 мың теңгеден аспай отыр. Әр облыста да әртүрлі. Мысалы, Солүстік Қазақстан, Жамбыл, Түркістан облыстарында орташа жалақы 140-145 мың теңгеден аспайды. Сондықтан не істеу керек, не істелді? Біріншіден, 1 млн 300 мыңдай қызметші жұмыс істейтін бюджеттік салада маусым айында жалақы орташа есеппен 30 пайызға көтерілді. Осы жылдың басынан дәрігерлерге, мұғалімдерге, әлеуметтік, мәдениет саласы қызметкерлеріне 25-тен 60 пайызға дейін жалақы өсті. Ал жеке секторда қалай болуы керек? Жеке секторда 5,5 млн адам жұмыс істеп жатыр. Бұл жерде жалақы мөлшері жұмыс берушінің құзырына кіреді», – деді министр.

Оның айтуынша, өткен жылы Президент үндеуінен кейін жеке сектордағы 1,2 млн адамның жалақысы 32-33 пайызға көбейтілген. Бірақ, бұл да бүкіл мәселені шешіп отырған жоқ.

«Жалақы мөлшерін белгілеу жұмыс берушінің құзырында дегенімізбен ең төменгі жалақы мемлекет тарапынан реттеледі. Былтырдан бері бізде ең төменгі жалақы 42 500 теңгені құрайды. Мұның өзі де аз. Сондықтан оны көтеру бүгінгі күні өте маңызды. Қазіргі дағдарыс кезінде бұл бюджет шығындарын қажет етеді, қиындау болады. Алдағы жылдары біз оны кезеңмен арттырамыз»,- деді Біржан Нұрымбетов.

 

Дереккөз: aikyn.kz

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.