«Nur Otan» партиясынан облыстық мəслихат депутаттығына кандидаттар Аралбек Қораласбаев пен Сұлукүл Дəлібаеваның Тұрар Рысқұлов ауданы Ақыртөбе ауылындағы сайлаушылармен кездесуде ауыл тұрғыны Аружан Дәулетқұл осындай пікір білдірді.
Аталған кездесуде кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасындағы басымдықтарды түсіндірді. Ақыртөбеліктерге партияның сайлауалды бағдарламасының аясында тұрғындар үшін өзекті саналатын жоғары жылдамдықтағы интернетке қол жеткізу мүмкіндігінің берілгендігіне дән риза.
«Nur Otan» партиясы аймақтың заманауи ақпараттық және телекоммуникациялық инфрақұрылымын қалыптастыру мақсатында Интернет желісіне ауқымды қосылуды негізгі басымдықтардың бірі етіп қойды. Нәтижесінде, өңірдегі тұрғындардың 82 пайызы интернет желісіне қол жеткізе алады.
Партияның ықпалымен алдағы 5 жылда кең жолақты интернетті пайдаланушылардың үлесі 25 пайызға дейін өседі. . Оқушыларды қашықтықтан оқытуы режимі сақталған жағдайда жергілікті жерде әлеуметтік осал топтардың балалары компьютерлермен толық қамтамасыз етуге көңіл бөлінеді,- деді кандидат А.Қораласбаев.
Сайлаушылар да нақты бағыттар мен жүйелі жоспарға негізделген «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасы қолдауға әзір екендіктерін жеткізді.
– Мен сайлауға алғаш рет қатысып, өз таңдауымды жасайын деп отырмын. Қазақстан Республикасының азаматы ретінде лайықты партияға таңдау жасау еліміздің өркендеуіне, мемлекетіміздің нығаюына қосқан үлесім деп білемін. Замандастарымның жарқын болашағы үшін мен «Nur Otan» партиясына дауыс беремін! – деді тұрғын Аружан Даулеткул.
«Nur Otan» партиясы Жамбыл облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.