A place where you need to follow for what happening in world cup

Үміткерлер «Үлгілі ауылда»

0 200

Облыс әкімі Б.Сапарбаевтың бастамасымен биыл тұңғыш рет «Үлгілі ауыл» байқауы ұйымдастырылғаны баршамызға белгілі. Өңірдегі 373 ауылдың ішінде үлгілі атанған Қордай ауданындағы Кенен ауылында сенбі күні «Nur Otan» партиясының Қордай аудандық сайлауалды штабының мүшесі Сманалы Тұрғынбай бастаған үгіт-насихат тобы ауылдық мәдениет үйінде тұрғындармен кездесті.

Жалпы Кенен ауылы үшін биылғы жыл жетістікке толы жыл болды. Аудан тарихындағы ең өзекті көп жылдар шешімін таппай келе жатқан газдандыру мәселесі шешімін тауып, 22 елді мекенді газбен қамтамасыз ету үшін ұзындығы 248 шақырымды құрайтын үлкен жобаға 11 миллиард теңге жуық қаражат бөлінсе, Отар аймағындағы 12 елді мекенді, оның ішінде Кенен ауылын газдандыру жұмыстары жыл соңында аяқталатын болады. Аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2,7 млрд. теңгеге 6 елді мекенде ауыз су құбырларының құрылыстары аяқталса, соның ішінде Кенен ауылына 132,5 млн. қаржы бөлініп, ауыл тұрғындары сапалы ауыз суға қол жеткізіп отыр. Ауылдың мақтанышы – аудандық К.Әзірбаев атындағы әдеби–мемориалдық музейі демеушілердің көмегімен 22 миллион теңгеге ағымдағы жөндеуден өтті. Қазіргі уақытта 8,5 миллион теңгеге қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Осындай игі істер бастама көтерген Кенен ауылы бүгінде облыстық «Үлгілі ауыл» байқауының жеңімпазы атанып, 5 миллион теңге ұтып алған болатын. Осындай ауқымды істердің атқарылғанын баяндап өткен Сманалы Тұрғынбай өзге де жұмыстарды айта келе, болашақ жоспарларды да тілге тиек етті.

Сонымен қатар Сманалы Жұмабайұлы кенендіктерге партияның «Қазақстан 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Қордай ауданында 2015-2019 жылдардағы атқарылған жұмыстарды таныстырып өтті. Кездесуде партиялық тізімге енген кандидаттар Лугмар Буларов, Катира Увалиева, Рамиль Жатқанбай, Ғалым Әлімжановтар ауданды кешенді дамытуға бағытталған партияның 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасының 7 басымдығын жан-жақты тоқталды.

Осыдан кейін Кенен ауылына барған Сманалы Тұрғынбай, Лугмар Буларов, Катира Увалиева, Рамиль Жатқанбай, Ғалым Әлімжанов «Есіктен есікке» іс-шарасы аясында ауыл көшелерін аралап, үгіт-насихат парақшаларын таратып, тұрғындарды сайлауға қатысуға шақырды. Ауыл тұрғынары алдағы маңызды науқанға баратындарын жеткізіп, ауылға газ келгеніне және ауыз су мәселесі шешіліп жатқанына қуанышты екенін жеткізді.

«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық сайлау қорының қаражатынан төленді.

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.