Мұқтаж жандарға қиын қыстау кезеңде қол ұшын созу сөзсіз сауабы мол іс.Елімізде төтенше жағдай енгізілгелі Мойынқұмдықтар жарыса қайырымды істерге белсене кірісіп кеткен болатын. Қазіргі таңда елімізде болып жатқан жағдай уақытында “Бағлан” жеке шаруақожалығының жетекшісі Қ.Жүнісбековтың демеушілігімен волонтер жастар Көкжелек және Күшаман ауылдарының көп балалы отбасылары мен көмекке мұқтаж 20 отбасыға азық-түлік себеттерін таратты.