A place where you need to follow for what happening in world cup

Мойынқұмда өнеркәсіптік өндірістің индексі 93,4% құрады

0 169

Мойынқұм ауданында ағымдағы жылы өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 59 078,0 млн. теңге болып, нақты көлем индексі 93,4 %-ды құраған. Өнеркәсіптік өндіріс өсімі 2019 жылмен салыстырғанда 4% -ға төмендеген. Бұл туралы «ӨКҚ» алаңында өткен брифингте Мойынқұм ауданынның әкімі Мәден Мұсаев айтты.

— Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индексі өткен жылмен салыстырғанда төменірек болды. Оның себебі: «Бескемпір» және «Карьерное» шахтасында құрылғылардың істен шығуы және  қажетті құрылғылардың уақытында жеткізілмеу болып отыр. 2020 жылғы қаңтар-қыркүйек айлары аралығында өндірілген алтын көлемінің заттай көрсеткіші 90 кг-ға төмендеуі нақты көлем индексінің төмендеуіне кері әсерін тигізді, — дейді аудан әкімі. 

Ауданда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 20 656,8 млн.теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда НКИ – 124,7 пайызды құраған. Ал, құрылыс жұмыстарының көлемі 13 272,5 млн теңге, 5,2 есеге артқан.

Сондай-ақ, пайдалануға берілген тұрғын үй 2900,0 ш.м, – 105,4 пайызды құрап отыр. Бөлшек сауда айналымының көлемі 1433,5 млн. теңгені құрап, 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда төменірек 93,5% болып отыр. Себебі, елімізде «Төтенше жағдай» режимі енгізілген уақытта  аудан көлемінде жұмыс жасап отырған азық-түлік емес тауарларын сататын орындардың 1 ай уақытқа уақытша жұмыстарын тоқтатқаны кері әсерін тигізген

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.