A place where you need to follow for what happening in world cup

Мойынқұмда пилоттық жобамен 139 азамат 379,3 млн. теңге жеңілдетілген несие алған

0 239

Мойынқұмда пилоттық жобамен 139 азамат 379,3 млн. теңге көлемінде жеңілдетілген несие алды.

2019 жылы Жамбыл облысында тұрғындардың тұрмыстық табысын арттыру жобасы қолға алынған болатын. Бұл жобаның негізгі мақсаты – әрбір тұрғынға өзін-өзі жұмыспен қамту және үй іргесіндегі жерді пайда көзіне айналдыруына мүмкіндік туғызу болып отыр.

Жоба 5 бағыттан тұрады. Аталған жоба аясында мойынқұмдық 139 азамат ауыл шаруашылығын дамыту мақсатындағы 379,3 млн. теңге жеңілдетілген несиеге қол жеткізіп, 413 бас мүйізді ірі қара, 924 бас уақ мал, 381 бас жылқы және 79,4 млн. теңгеге 12 дана ауылшаруашылығы техникаларын алды.

Тұрғындардың әл-ауқатын арттыру пилоттық жобасын ары қарай жалғасыру мақсатында облыс әкімінің тапсырмасымен Мойынқұм ауданында Бірлік және Қылышбай ауылдық округтеріне талдаулар жасалынып, облыстық ауыл шаруашылық басқармасына қаражат бөлуге ұсыныс берілген.

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.