A place where you need to follow for what happening in world cup

«Nur Otan»-ның ықпалымен Тараз қаласында 1100 тұрғын үйдің ауласы реттеледі

0 85

«Nur Otan» партиясының ықпалымен Тараз қаласындағы тұрғын үйлердің аулалары абаттандырылады. Алдағы  5 жылда 1,1 мыңнан астам көпқабатты тұрғын үйдің ауласы ретке келтіріледі. Бұл туралы  «Nur Otan» партиясынан Тараз қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Нұрлан Әбілдаев облыс орталығындағы «Алатау» шағын ауданындағы тұрғындармен   сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

– Өңір тұрғындарының жайлы өмір сүруі үшін «Nur Otan» партиясы халықты сапалы ауыз сумен, жылумен қамтамасыз етеді. Көшелер мен аулалар абаттандырылып, тұрғындар үшін қолжетімді инфрақұрылым тартылады. Тараз қаласында М-1 жылу магистралін қайта жаңартылады. 2025 жылға 1,1 мыңнан астам көп қабатты үйді қамтитын 510 ауланың аумағы абаттандырылмақ. «Жасыл экономика» жобасы шеңберінде 2022 жылы жалпы қуаттылығы 133,8 МВт жаңартылатын энергия көздері бойынша тағы 4 жоба аяқталады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 3 мың облыс тұрғынының өмір сүру сапасы жақсарады, — деді кандидат.

Бір кездері химия өнеркәсібімен аты шыққан қаладағы өндіріс ошақтарының әлеуетін арттыру,  отандық өндірушілерді қолдауға, бәсекеге қабілетті және экспортқа бағдарланған өнім шығаратын жаңа өндірістерді ашуға басымдық беру де партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдығына жатады. Бұл бастама 6 мыңнан астам  жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік бермек.  Сондай-ақ «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Жаңатас, Қаратау қалаларымен бірге Тараз қаласында да 35 жоба іске асырылып, 6 мың ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші  несиелендірілетін болады.

«Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасының барлық басымдықтарын шағын аудан тұрғындарының көңілінен шықты. Олар өз кезегінде Тараз қаласын тұрмысқа қолайлы аймақ етіп қалыптастырудағы баянды бастамалары үшін бас партияны қолдауға дайын екендіктерін жеткізді.

 «Nur Otan» партиясы Жамбыл облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.