A place where you need to follow for what happening in world cup

Қоғам қайраткерінің құрметіне сынып сағаттары өтті

0 218

Мемлекет қайраткері Әйтиев Әбдірахман 1886 жылы Орал облысы Орал уезі Қараоба болысы Сүгірбай ауылында дүниеге келген. Әкесі Әйтей Құлмағамбетұлы кедей шаруа болған. Тегі – Жетіруға жататын Кердері руы. 1901 жылы Қараоба болыстық бір кластық орыс-қазақ мектебін бітірген. Ол 1904-1909 жылдары Орал уезінің 1-учаскесі төбе биінің жалдамба шабарманы және от жағушысы, Орал уездік Податтық инспекторының тілмәші, Орал уезі 6-учаскесі төбе биінің тілмәші, іс жүргізуші қызметтерінде болды. 1910-1913 жылдары Орал қаласында төбе бидің аға іс жүргізушісі әскер аттары учаскесінің меңгерушісі, аң-құс құтқару қоғамының және әуе әскери флотын күшейту қоғамының мүшесі, жалданба ауыл хатшысы, болыстық писарь жұмыстарын атқарды.

   Міне, осы мемлекеттік қайраткердің  туған күніне орай мектептерде  сынып сағаттары өтілді. Онда оқушылар Әбдірахман Әйтиевтің өмір жолымен танысып, таным-түсініктерін тереңдетті.  

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.