Жамбыл ауданы әкімдігі білім бөліміне қарасты Б.Бесбаев атындағы мектеп-гимназия,Толеби орта мектебі, №2 орта мектеп, Амангелді орта мектебі,Айтиев орта мектебі,Айша-бибі орта мектебінің 6- сынып оқитын көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан 60 оқушы «Живые уроки» жобасы аясында «Ежелгі Тараз-Жібек жолындағы тарихтың алтын жібі» тақырыбында экскурсиялық сабақтарға қатысты.
Ұсынылған кестеге сәйкес «Ежелгі Тараз»тарихи-мемориалдық кешені, «Айша-бибі», «Қарахан» кесенелеріне барып білімдерін шыңдады. Экскурсиялық сабақтар барысында оқушылар тарихи нысандардың салынуы туралы және олармен байланысты тарихи оқиғалар мен аңыздарды тыңдап өз ойларымен бөлісті.Оқушылар экскурсия кезінде Ұлы Жібек Жолы бойындағы орналасқан қалалардың рухани және материалдық мәдениеті туралы дәрістер тыңдады.Экскурсиялық сабақтар соңында оқушылар тест тапсырып сауалнамаларға жауап берді.