A place where you need to follow for what happening in world cup

Оқушылармен онлайн кездесті

0 194

Бүгінгі таңда мектеп қабырғасындағы жасөспірімдерге жақсы тәрбие беру, олардың арасындағы қылмыстың алдын алу аса маңызға ие. Себебі, тәрбиесіз берілген білімнің пайдасы шамалы емес пе?

Жуырда облыс әкімдігіне қарасты білім басқармасының онлайн орталығында ювеналды соттың төрағасы Е.М.Дүйсенбаев «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» атты тақырыпта оқушылармен онлайн кездесу өткізді. Zoom платформасы арқылы өткен жүздесу барысында сот төрағасы сот жүйесіндегі реформалар және ювеналды сот жұмысының ерекшеліктері туралы толығырақ айтып өтті.

Кездесу барысында белсенділік танытқан оқушылардың көкейінде жүрген түрлі сұрақтарына нақты жауап берілді. Іс-шара соңында жасөспірімдерге ең алдымен тәрбие берілуі қажеттігін сол себепті, оқушылар үшін ата-ана және ұлағатты ұстаздардың айтқанын бұлжытпау орындау ел сүйсінер іс екендігін баса айтқан сот төрағасы Е.М.Дүйсенбаев олардың болашақ өміріне сәттілік тілеп, тәуелсіз еліміздің табысты азаматы болуына тілектестігін білдірді.

Сабыр БОЛАТ,
Тілші

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.