A place where you need to follow for what happening in world cup

Облыс әкімі мәслихат депутаттары алдында есеп берді

0 1 385

Биылғы жылдың алғашқы жарты жылдығының қорытындысы бойынша Жамбыл облысында 155,8 млрд. теңге инвестиция тартылды. Бұл туралы облыстық мәслихат депутаттары алдында есеп берген аймақ басшысы Нұржан Нұржігітов хабарлады.

Облыс әкімі өз баяндамасында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаларын іске асыру аясында және жоспарлы жұмыстардың нәтижесінде облыстың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінде оң динамика қалыптасқанын атап өтті.

—  Агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 31,2 млрд. теңге субсидия қаралды. Бұған қоса, салаға құны 21 млрд. теңге инвестиция тартылып, 16 жоба іске асырылмақ. Ол арқылы 324 жұмыс орны ашылады. Бүгінгі таңда 2,8 млрд. теңгеге 4 жоба іске қосылып, 110 жұмыс орны құрылды.

Ағымдағы жылы облыста ауыл шаруашылығы дақылдары 756,2 мың гектарға орналастырылып, 5,4 мың гектарға ұлғайды. Қазіргі кезде жиналатын 371,1 мың гектардағы масақты дәнді дақылдар толығымен орылып, жалпы түсім 633,4 мың тоннаны құрап, өткен жылмен салыстырғанда 32 пайызға артты.

Бұдан бөлек, 1,1 млн.тонна көкөніс дақылдары, 187,5 мың тонна картоп және 795 мың тонна бақша өнімдері өндірілді.

Ағымдағы жылдың 7 ай қорытындысымен облыстағы жалпы мал саны 4,5 пайызға артып, 4,5 млн. басты құрады. Жоспар 4,6 млн. басқа жеткізу.

Ет өндірісі 1,8 пайызға, сүт өндірісі 1,5 пайызға артты. Сондай-ақ, 787 тонна ет экспортталды.

Нәтижесінде ағымдағы жылдың 7 ай қорытындысымен ауыл шаруашылығы саласында 161,4 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 4,9 пайызды құрады,-деді Нұржан Нұржігітов.         

Аймақ басшысы облыстағы су жүйелерін қалпына келтіру мақсатында арнайы жол картасы әзірленіп, ол бойынша суармалы алқаптарды қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатқанын, пилоттық жобаны іске асыру нәтижесінде 5 жыл ішіндегі экономикалық тиімділік 14,9 млрд. теңгені құрайтынын жеткізді.

Облыс әкімінің баяндамасында қазіргі таңда өзекті болып отырған мәселелердің бірі – әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын тұрақтандыру жайына айрықша назар аударылды.

— Бұл мәселе Үкіметтің ұдайы бақылауында. Дегенмен, өз тарапымыздан да  бағаны тұрақтандыру мақсатында бірқатар кешенді шаралар қабылдануда. Атап айтқанда отандық тауар өндірушілермен өндіріліп отырған 10 түрлі тауар 106 ірі сауда дүкендеріне 1410 тонна көлемінде тікелей жеткізілді, ірі сауда желілерімен 10 түрлі тауарға күзгі форвардтық келісім жасалды. Сонымен қатар, 4,2 млрд.теңге айналым қаражатын қолдана отырып, әлеуметтік маңызы бар тауарлар форвардтық әдіспен 32 әлеуметтік павильон арқылы өткерілуде. Жүргізілген мониторинг нәтижесінде сауда үстемесін бұзғаны үшін 10 сауда нүктесіне хаттама толтырылды. Күз мезгілінде тұрақты түрде жәрмеңкелер өткізуді бастадық. Осы атқарылған шаралардың нәтижесінде әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасы бүгінде 2,5 пайыз деңгейінде тұрақталды, — дей келе Нұржан Нұржігітов өңірде іске асырылып жатқан инвестициялық жобалардың басым бөлігі облысымызды азық-түлік қауіпсіздігімен қамтамасыз етуге бағытталғанын баса айтты.    

Сондай-ақ, облыста кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған жаңа бизнес бастамаларды іске асыру үшін 2,6 мың кәсіпкерге 10,5 млрд. теңге шағын несие, 2,6 мың кәсіпкерге 3,3 млрд. теңге қайтарымсыз мемлекеттік грант (400 АЕК)  бөлінген.

Ал, «Өндірістік инфрақұрылымды дамыту» тетігі бойынша 9 жобаны іске асыру мақсатында 2,3 млрд. теңге қаралса, «Қарапайым заттар экономикасы» аясында 69,6 млрд. теңгеге 187 жоба мақұлданып, 60 млрд. теңгеге 185 жоба қаржыландырылған. Жыл соңына дейін жалпы 201 жоба іске асырылмақ.

Облыс әкімі өз сөзінде ауыз су, газ, тұрғын үймен қамту, мәдениет, спорт, білім және тағы басқа да салалардағы атқарылған жұмыстар мен көрсеткіштерге жан-жақты тоқталды.

Депуттаттар аймақ басшысының есебін оң бағалалап, бірқатар өзекті мәселелер бойынша ойларын ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Облыс әкімі сұрақтарға жауап беріп, қордаланған мәселелерді кезең-кезеңімен шешу бойынша жұмыстар қолға алынып жатқандығын жеткізді.

Сессия барысында күн тәртібіне шығарылған өзге де мәселелер қаралды.

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.