A place where you need to follow for what happening in world cup

Облыс әкімінің алғыс хатын иеленді

0 201

Жамбыл облысын қоршап жатқан Жамбыл ауданында ойсыз олқылықтар, жөнсіздіктер, көз қысты көріністер, бармақ басты бастамалар яғни, ғасыр дертіне айналған сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне нөлдік төзбеушілік қалыптасып, әділдікті жалау еткен азаматтардың қатары артқан.

9 желтоқсан – халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай Тараз қаласындағы Достық үйінде «Сыбайлас жемқорлықсыз ел – өркендеуші ел» атты форум өткен болатын.

Форумда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қосқан қомақты үлесі үшін бірқатар сала басшылары марапатқа ие болды.

Соның ішінде Жамбыл ауданы әкімдігі білім бөлімінің басшысы Раушан Қожамжароваға облыс аумағында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және адалдық, әділдік, парасаттылық қағидаларын насихаттауға қосқан елеулі үлесі үшін облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың Алғыс хаты салтанатты жағдайда табыс етілді.

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.