A place where you need to follow for what happening in world cup

​Облыс әкімінің орынбасары коронавирус жұқтырды

0 402

Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асхат Оралов коронавирус диагнозымен ауруханаға түсті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі

Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Асхат Ораловтың дене қызуының көтерілуіне байланысты коронавирусқа тест тапсырғанын хабарлады. Тест оң нәтиже берген. Қазіргі таңда әкіммен байланыста болған тұлғалар анықталып, эпидемиологиялық тексеру жүргізілуде. Облыстық әкімдіктің барлық қызметкерлері коронавирус инфекциясына тест тапсырды. Нәтижелері кейінірек жарияланады. Облыс әкімі кестеге сәйкес бейнеконференция арқылы жұмысын жалғастыруда. Барлық жеке қабылдаулар мен кездесулерден бас тартылады.

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.