A place where you need to follow for what happening in world cup

Қолда барды қолдау қажет

0 242

Шұжық қазіргі таңдағы ең ауқымды әрі сұранысқа ие өнім екені мәлім. Дәл осы шұжықтың құрамы мен оның қалай дайындалып, қалай өңделетіні тұтынушыларды қызықтыратыны даусыз. Осы сұрақтарға жауап табу барысында мен болашақ технолог маман ретінде тәжірибеден өткен Жалпақтөбе ауылындағы «Берсанукаев» ЖШС шұжық өндіретін цех туралы жазғым келді.
Біз технолог маман ретінде алдымен өндіріс орнында шығарылатын ет ассортиментімен танысамыз. Шұжық цехында жылқы, сиыр, құс еттерінен өндірілетін өте кең ауқымды таңдау түрі бар және олар өзіндік дәміне сәйкес белгілі бір ассортименттерге бөлінеді. Мысал келтіретін болсақ, жоғарғы, бірінші және екінші сорттағы шұжықтар өндіріледі. Жоғарғы сорттағы шұжықтар ең жоғарғы категориядағы еттен өндіріледі және оған ысталған, пісірілген шұжықтарды жатқызамыз. Бірінші сорттағы шұжықтар тауық еті және 10 пайыз ірі қара етінен өндіріледі. Екінші сортты шұжықтар түгел дерлік тауық етінен және аз мөлшердегі крахмал және соя соусы қосылған еттен әзірленеді. Өнім сапасы артқан сайын оны тұтынатын адамдар саны да артатыны сөзсіз. Міне дәл осыған байланысты шұжық цехында сапасы өте жоғары және құрамы таза табиғи компоненттерден тұратын өнімдер өндірілетінін атап айтқым келеді.
Енді «Берсанукаев» ЖШС шұжық цехының өнімдері қандай атауда шығарылады деген сұраққа жауап беріп көрейін. «Достар» атауы маркіленген шұжықтар дәл осында дайындалады. Халыққа қолжетімді, құрамы таза табиғи өнімнен жасалған сапалы шұжықтар халық арасында өзінің тұрақты тұтынушыларын тапты. Өнімдер қазіргі таңда ауданның бар аумағындағы және қаладағы дүкен сөрелерінен орын алған. Айта кететін жайт, тек жоғарғы сапада өңделіп, өндірілетін шұжық шығаратын өндіріс орны барлық тамақ өнеркәсібі жарыстары мен байқауларында жеңімпаз атанып келеді. Ел экономикасын дамытып, әлеуметтің әлеуетін арттыру барысындағы іске біз де қомақты үлес қоса аламыз. Ол үшін біз шет елден экспортталып келетін өнімді тұтынудың орнына өзімізде өндірілетін отандық өнімдерге барынша қолдау жасауымыз керек. Осы арқылы нарықта бәсекелестік артып, сіз бен бізге таңдау мүмкіншілігі көп болмақ. Әрбір адам өз денсаулығына жауапты, сол себепті құрамын біле отырып, сапалы тауар тұтынуды бүгіннен бастайық!

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.