A place where you need to follow for what happening in world cup

Олжас Баққараев колледж жұмысымен танысты

0 169

Сәрсенбі күні аудан әкімінің орынбасары Олжас Баққараев пен аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Мадияр Сәмбетов Өрнек ауылындағы №17 Жамбыл колледжіне арнайы барып, пән кәбинеттерін аралап, ғимарат қасындағы 50 адамға арналған жатақхананың және оқу-өндірістік шеберханасының жай-күйін көрді.

Колледж директоры Талап Әбдібековтің айтуынша, білім ордасы 240 орынға шақталған. Мұнда білімгерлер дәнекерлеуші, фермер шаруашылығы, автокөлік жөндеу ісі мамандықтарын меңгеріп шығады. Оларға 24 ұстаз дәріс береді. Мамандықтары бойынша практикалық жұмыстар өтеді. Ал, білім ордасының жанында 1956 жылы салынған жатақхана бар. Ол облыстың түкпір-түкпірінен келген білім алушыларға арналған. Екі қабаттан тұратын тұрақжай бейнебақылау камераларымен, төсек-орын жиынтығымен жабдықталған.

Мұнан соң оқу-өндірістік шеберханасына барған Олжас Елебекұлы практикалық жұмыс­тардың өту барысын қарап, колледж әкімшілігіне білімгер­лердің уақытын тиімді өткізу, практикалық шараларды талапқа сай ұйымдастыру керектігін айтып, колледж басшылығына бірқатар тапсырма жүктеді.
Құсбегінің шаңырағында

Білім ордасынан шыққан соң аудан әкімінің орынбасары ұлттық құсбегілік өнерді, атқа міну мәдениетін дамытып жүрген, шаңырағынан қазақи болмыстың иісі аңқыған Бауыржан Ешметовтің үйінде болып, шаруа жайын сұрап білді. Бүгінде екі бүркіт, бір қырғи, бір ителгі, үш тазысы бар құсбегі ұлттық өнерімізді кеңінен насихаттап, түрлі деңгейдегі марапаттарды иеленіп жүр.

– Бүркіт – тектіліктің символы. Ғасырға жуық тіршілік етеді. Біз балапан кезінен ұясынан алып асыраймыз. Негізі қыранды 3 жастан бастап қолға үйрету тиімді. Балапан кезінде қопалдау болады. Бір қыстың өзінде шамамен 15 түлкі, 40-50 қоян, 10 қарсақ, 2 қасқыр ұстап, қанжығамызды майладық. Соңымнан ерген төрт ұлымды осы өнерге жетелеп келемін. Олар да облыстық деңгейдегі жарыстардың жеңімпазы, – деді құсбегі.

Өз кезегінде Олжас Елебекұлы қазақтың ата дәстүрін сақтап, оны дәріптеп жүрген Бауыржан Ешметовке ризашылығын білдірді.

Ақжігіт ЖЕТПІСБАЙ

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.