A place where you need to follow for what happening in world cup

Онлайн кездесуде сарыкемерліктер сан түрлі мәселе көтерді

0 258

Байзақ ауданына қарасты Сарыкемер ауылында облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Ләмзер Тулебаев, Қайсар Жасұзақов, Мұхит Нысанбаев онлайн режимі арқылы ауыл тұрғындарымен кездесу ұйымдастырды.

Кездесу барысында үміткерлер «Nur Otan» партиясы ауданды дамытудың басым бағыттары енген сайлауалды бағдарламасын насихаттады.

Оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасау болып табылады. Экономикалық тұрақты аудан, жайлы аудан, әлеуметтік-бағытталған аудан, жастарға арналған аудан, тарихты және мәдениетті дамыту, ашық және есеп беретін жергілікті органдар, қауіпсіз аудан бағыттары қамтылған.

2023 жылға қарай облыстағы 119 ауылды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда. Сондай-ақ 2025 жылға қарай 107 ауылдық елді мекенді газбен қамту міндеті тұр.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы Тараз қаласы мен 10 аудандағы 85 ауылдық елді мекенде жалпы ұзақтығы 862 шақырым болатын ауыз су құбыры желілерінің құрылысын іске асырады. Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Меркі, Сарысу, Т. Рысқұлов, Талас аудандарындағы 107 ауылдық елді мекенде жалпы ұзақтығы 582,7 шақырым болатын газ құбыры тартылады. 2025 жылға дейін жазғы саяжай алқаптары тұрғындарын инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ететін боламыз.
Бір сөзбен айтқан 125,8 мың жамбылдық сапалы ауыз суға және 128 мың тұрғын көгілдір отынға қосылады — деді кандидаттар.
Ал өз кезегінде сарыкемерлік тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға нақты әрі тұшымды жауаптар қайтарылды.

«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық сайлау қорының қаражатынан төленді.

 

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.