A place where you need to follow for what happening in world cup

Қоныс колониясында сотталғандар арасында мәдени іс-шара өтті

0 157

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында аймақтық ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/5 мекемесіндегі жазасын өтеушілер арасында «Тәуелсіздік тәтті ұғым» атты мерекелік іс-шара өтті. Мекеменің тәрбие жұмысы бойынша бөлімінің ұйымдастыруымен өткен салтанатты іс-шараны мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Бақтияр Оңбаев құттықтау сөзімен ашып, іс-шараға қатысушыларды еліміздің басты мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтап, ҚАЖ қызметкерлерінің тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктеріне қысқаша тоқталып өтті.

Тәуелсіздік мерекесіне арналған іс-шара бұдан әрі қатысушылардың өнер жарысына ұштасты. Сайысқа түскен әрбір қатысушы жарыстың артымды, әрі тартысты өтуіне бар күш-жігерлерін салды. Олар өзара командаларға бөлініп, өнерлерін барынша көрсетуге тырысты. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мекеме бастығының Алғыс хатымен марапатталды. Тәуелсіздік мерекесіне орай өткізілген іс-шара жүрек қылын шертетін рухты әндерді орындаумен аяқталды.

Айнура Бателова,
ЖД-158/5 мекемесінің босатылатын сотталғандардың еңбегімен тұрмысын ұйымдастыру тобының инспекторы әділет аға лейтенанты

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.