A place where you need to follow for what happening in world cup

Қордайға невропатолог, эндокринолог, ортопед дәрігерлері келді

0 86

Қордай ауданына арнайы келген «Бейбішілік пен келісім» жобасының аясында құрылған ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері аудандық орталық ауруханада болып, ауыл тұрғындарымен кездесті, — деп жазады Tugyr.kz.

Құрамында бала дәрігері невропатолог, эндокринолог, ортопед және инфекционист сынды Жамбыл облыстық көпсалалы балалар ауруханасының мамандарынан жасақталған топ аудандық емхананың ауласында аудан орталығына жақын орналасқан ауылдың тұрғындарын жекелей қабылдап, созылмалы ауруы бар Тұрғындар мен балаларды қарап, емін тағайындап, қажетті кеңестерін берді.

Осы мақсаттағы қабылдаулар алдағы 2 күнде ауданның басқа ауылдарында да ұйымдастырылатын болады.

Айта кетейік, облыс әкімі Бердібек Машбекұлының өкімімен бекітілген «Бейбітшілік пен келісім» жобасының аясында құрылған 5 салалық ақпараттық-түсіндіру тобы 07-23 қыркүйек аралығында ауданның барлық ауылдық округтерінде болып, жергілікті халықтың бүгінгі тыныс-тіршілігін және оларды қандай мәселелер толғандыратынына зерделеу жұмыстарын жүргізетін болады.

Айта кетейік, жоба аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, әлеуметтік мәселелер мен ауыл шаруашылығы мәселелерін, діни аспектілер мен қауіпсіздікті зерделеу секілді бағыттары бойынша  бес жұмыс тобы құрылып, аймақ басшысы жауапты тұлғаларға әр елді мекеннің ең ауқымды мәселелерін зерттеп, жергілікті тұрғындарды толғандырып, алаңдататын мәселелерді анықтауды тапсырған болатын.

жауап қалдырыңыз

Your email address will not be published.